Жылу

Апат болған жылу орталығында қалып қойған әйелдің мәйіті табылды

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

©/ЭК

Петропавлда болған апат орнынан бір әйелдің өлі денесі табылғанын СҚО Денсаулық сақтау басқармасындағылар мәлім етті.

Оның жылу орталығында қазандық цехының жабдықтарын аралаушы машинист екені анықталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаза тапқан әйел 1984 жылы туған Н.О.Чуфанова болып шықты.

Оқиға орнында СҚО құтқарушыларымен бірге Нұр-Сұлтан қаласының жедел-құтқару жасағы жұмыс істеді. Іздестіру-құтқару шаралары екі күн бойы жүргізілді.

Жұмыс күрделі жағдайда жүргізілді. Үйінділерді қопару кезінде түтін мұржасының үгітіліп құлау қаупі іздестіруді тіпті қиындатты. Ауыр инженерлік техниканы пайдалана алмадық. Құтқарушылар қолмен және гидравликалық құралдармен жұмыс істеді,

— дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Әйелдің жансыз денесі бүгін, яғни 22 наурыз күні сағат 10.32-де үйінділер астынан табылып, сот-медициналық сараптама жүргізуге берілген.

ЭК бұған дейін апат болған жылу орталығынан бір әйел іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров