Ұлыстың ұлы күні

Ұлттық ойынға қатысқан жігіттің қыз деп қуғаны еркек болып шықты

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Елімізде Наурыз мерекесіне орай өткен ұлттық ойындарда жігіттің қыз деп қуғаны қыз болмай шықты. Көпшілік алдында күлкіге қалған азамат өзінің қарсыласының әйел болып киінген ер адам екенін білмеген.

Желіде тараған бейнежазбада ойынды тамашалауға көп адамның келгені байқалады, деп хабарлайды Экспресс К.

Атқа мінген жігіт ойын басталысымен жүйрік тақымдаған ұлттық киімдегі қызды қуа жөнеледі. Әупірімдеп жеткенімен, "бұрымды қыз" жігітке оңайлықпен бетінен сүйдірмейді. Алайда дегеніне жеткен жігіт қызды құшағына алып бетінен сүйген сәтте масқара жағдай болды. Қыздың сәукелесі басынан сыпырылып түсіп қалып, жұрт оның ер адам екенін біліп, қыран-топан күлкі болды.

Кеңінен талқыға түскен бейнежазбаға көпшілік ерекше ризашылықпен пікір жазып жатыр. "Атпен шабатын қыз қалмады деген осы", "Бәсе, неге сонша қашты десем", "Ана бала Амилай емес пе?", "Мәссаған! Шок қылды деген осы! "Шоқ "қыз" екен!" деп түрлі ойларын жеткізді.

Желі қолданушылары ұлттық ойын Жамбыл облысында болғанын айтады. Әзірге ойынған қатысқандардың кімдер екені белгісіз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров