Зират

Шымкентте зираттағы қабірлердің топырағы ішіне опырылып түсіп жатыр

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр/Коллаж ЭК

Шымкенттегі Қайтпас ауылы маңындағы зиратта қабірлердің топырағы жаңбырдан ойылып қалып, елдің үрейін ұшырды. Тұрғындар опырылып түскен шұңқырлардан мәйіттің аяғы көрінетінін айтып отыр.

Шымкент маңындағы зиратта жаңбырдан кейін бірнеше қабірдің үйілген топырағы опырылып түскен, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайтпас ауылының тұрғыны зират басындағы жағдайды бейнежазбаға түсіріп алған. Видеодан жаңбырдан кейін бірнеше мәйіт жерленген қабірдің топырағы опырылып төмен түсіп кеткені байқалады.

"Қайтпастағы зиратта қабірлерде жаңбырдан кейін апандай үңгірлер пайда болған. Осы жерде туысқандары, жақындары жерленгендер келіп жөндеп кетерсіздер. Терең болып ойылып қалған шұңқырларды бітеу керек. Кейбір қабірде мәйіттің аяғы көрініп тұр", — дейді бейнежазбны түсіріп тұрған адам.

Кейін бұған қатысты пікірдердің бірінде ауыл тұрғындарының зиратқа барып, бәрін жөндеп кеткені айтылды.

Зираттағы жайтты көргендер шошып, "Ойылып емес, әдейі қазып тастаған сияқты", "Мәйіттің аяғы қалай көрінеді. Аяғы шығып жатпаған болар", "Көктем сайын болатын жағдай" деп пікір білдірді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров