Дмитрий Гордон

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Дмитрий Гордон Путинге үндеу жолдады

Ержан ШАЙЖАН

Владимир Путин / Дмитрий Гордон / Коллаж ЭК

Украиналық журналист Дмитрий Гордон Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жасады. Ресей тергеу комитеті журналистің үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Гордон өз үндеуін Youtube арнасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

"Ресей тарапынан қылмыстық іс қозғағаны мен үшін үлкен абырой және бақыт. Өйткені мен қоғам алдында азаматтық парызымды адал орындап жатырмын. Ресей әскері кішкентай балаларды, әйелдерді, қарттарды аяусыз қырып, Украинадағы балалар үйін, балабақшаларды, перзентханаларды бомбалап жатыр. Өркендеп, өсіп келе жатқан қалалар қирады. Украина Ресей үшін жаман ешқандай нәрсе жасаған жоқ. Біздің әскер азаттық үшін өмірлерін қиып жатыр. Ал мен өз үйімдемін. Ешкімнен тығылмаймын және сендерден қорықпаймын. Менің үстімнен қылмыстық іс қозғауға бұйрық берген Владимир Путин. Путинге айтарым, сен мені де, Украинаны да қорқыта алмайсың! Нағыз қылмыскер мен емес, сенсің! Уақыты келгенде адамның алдында да, ар алдында да жауап бересің", — деді Гордон.

Ресей тергеу комитеті украиналық журналистің үстінен ұлтараздықты қоздырды, орыс ұлтына өшпенділікті арттырды және Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратты деген айыптармен қылмыстық іс қозғаған болатын. Экспресс К екі ел арасындағы соғыс туралы үздіксіз жазып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров