Шоу-бизнес
Роза Рымбаева сахнада фанатын көкірегінен итеріп жіберді


Видеодан кадр
Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева сахнада өзімен суретке түскісі келген тыңдарманын итеріп жіберді. Әншінің бұл әрекетін әлеуметтік желіде сынап жатқандар көп.
Роза Рымбаева "Наурыз-думан" әнін фонграммамен орындаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Танымал әншінің бейнежазбасы ғаламторда пайда болды. Онда Роза Рымбаева Наурыз мерекесі қарсаңында сахнада өнер көрсетіп, ән айтып жатыр.
Сол кезде әншімен селфиге түскісі келген бейтаныс жігіт сахнаға жүгіріп шығады. Алайда әнші оны көкірегінен итеріп жібереді. Халық әртисінің бұл әрекеті көптің сынына қалды.
Оқи отырыңыз:
"Итергенімен қоймай, фонограммамен айтып тұр ғой. Ұят жоқ екен", "Ана жігіттікі дұрыс емес! Сахна мәдениеті деген болуы керек емес пе?!", "Жұлдыздар әбден есіріп бітті", "Суретке түсе салса несі кетеді?!", "Фонограмма екені білініп қалды", "Роза апам алжыпты" деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.
Бөлісу