Алексей Навальный

Саясаткер Алексей Навальный 9 жылға сотталды

Ержан ШАЙЖАН

Алексей Навальный / ©AP/Denis KAMINEV

Ресей оппозиционері, танымал саясаткер Алексей Навальный 9 жыл ғұмырын қатаң режимдегі түрмеде өткізеді. Оған “алаяқтық” және “сотқа тіл тигізді” деген айыптар тағылған.

Бұдан бөлек Навальныйға сот 1,2 миллион рубль (5 миллион 857 мың теңге) көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы ВВС басылымы жазды. Мәскеудің №2 Покровская қапасында өткен сот отырысында судья Маргарита Котова саясаткер Алексей Навальныйға 9 жыл үкім кесті. Оппозиционер жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Оған алаяқтық жасады және сотқа тіл тигізді деген айыптар тағылған.

Сот барысында прокурор Надежда Тихонова Навальныйға 13 жыл қатаң режимдегі колонияда өтеуді және 1,2 миллион рубль айыппұл төлеуді сұраған болатын. Бірақ сот прокурордың сұраған жазасын тек 4 жылға ғана қысқартты.

Ал Навальныйдың адвокаты қорғауындағы адамды ақтауын талап етіп, оның бұл қылмысқа ешқандай қатысы жоқ екенін дәлелдеуге тырысқанымен, оның әрекетінен түк шықпады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров