Жол апаты

Алматы облысында жол апаты болып 4 адам қаза тапты

Экспресс К

© Depositphotos

Жол-көлік апаты Алматы-Өскемен тас жолының 110 шақырымында болды. Шеңгелді ауылынан өтіп бара жатып "Toyota Windom" және "Lexus LX 570" соқтығысты.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктердің бірі бұрылыс жасағанда, екіншісі қарсы бағытта келе жатып соқтығысты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қатты соққы салдарынан "Toyota Windom" көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты. Сондай-ақ 50 жастағы әйел түрлі дене жарақаттарымен Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді.

"Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚК-тің 345-бабы, 4-бөліміне (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес тергеу жұмыстары басталды", — делінген хабарламада.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров