Эвакуация

Украинаға гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ қазақстандықтарды эвакуацияламақ

Экспресс К

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Гуманитарлық көмек тиеген ұшақ Украинада қалып қойған қазақстандықтарды алып кетеді.

Борт ұшақ Польшаның Катовице қаласынан 25 наурыз күні ұшады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Экспресс К Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшақ Украинада қалып қойған қазақстандықтарды, олардың кәмелетке толмаған балалары мен жұбайларын эвакуациялауға дайын.

Аталған ұшақпен ұшу үшін:

  • 24 наурызға дейін Львов қаласында болу керек немесе
  • 25 наурызға дейін өздігімен Катовице қаласына жету керек.

Катовице қаласында (тек осы рейспен ұшатындар) баспанамен қамтылмақ.

Ұшаққа үлгеретін және ұшқысы келетін жолаушылар құжаттардың көшірмелерін (куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері, неке туралы куәлік) +380673470408 (WhatsApp) нөміріне жіберуі керек,

— делінген хабарламада.

Борт ұшақпен ұшатындарға карантиндік талаптар жеңілдетіледі. Жаңадан ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров