Колония

Ақтөбеде ер адам колонияға "Трамадол" таблеткаларын алып кірмек болған

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ұлттық ұлан жауынгерлері 100-ге жуық "Трамадол" таблеткасын алып өтпек болған ер адамды ұстады.

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде 6655 бөлімінің әскери қызметшілері колония қызметкерлерімен бірлесе 100-ге жуық "Трамадол"таблеткасын алып өтпек болған азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Экспресс К ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"21 наурызда сағат 14:00 шамасында ҚАЖ-6 тексеру (қабылдап алу-беру) бөлмесінде сотталған адамға арналған сәлемдемені тексеру кезінде атқыштар ротасының әскери қызметшілері мен колония қызметкерлері скотчпен оралған шай қорабын тапты. Тексеріс кезінде қорап ішіндегі "Stаtе Line" маркалы темекіге 96 дана ақ түсті таблеткалар жасырылғаны анықталды", — делінген хабарламада.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылып, тыйым салынған заттар тәркіленді. Тәркіленген заттар әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін режим бөліміне тапсырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров