Өрт

Ақтауда жолда келе жатқан көлік жанып кетті

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Ақтауда жолда келе жатқан көлік жанып кетті. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Ақтау қаласындағы 12 ықшамдауданда "Nissan Primera" автокөлігі отқа оранды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақтауда 12 ықшамаудандағы 59 үйдің маңында кешкілік төтенше оқиға орын алды. Көлік қозғалысы кезінде автокөлік алаулап жанып, өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп үлгерген.

"22 наурыз күні 22:26 шамасында Ақтау қаласыдағы 12 ықшамауданда Nissan Primera автокөлігінің жанып кетті. Сағат 22:38-де автокөліктегі өрт толықтай сөндірілді. Оқиғадан зардап шекендер жоқ. Өртті сөндіруге 2 дана техника, 8 қызметкер жұмылдырылды", — деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Қожабекова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров