Нижат Рахимов

Риода чемпион атанған ауыр атлет Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылды

Есен ҮРКІМБАЙ

© Julian FINNEY

Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов допинг дауына ілінуіне байланысты алтын медалінен айырылды. Бұл туралы спорттағы төрешілік соты мәлімдеді.

Рио Олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов алтын медалінен ресми түрде айырылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстандық ауыр атлет антидопингтік ережені бұзғаны үшін Рио Олимпиадасында иеленген алтынынан айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы спортағы төрешілік соты (CAS ADD) ресми түрде шешім шығарды.

Допинг дауына ілінген қазақстандық ауыр атлет алғаш рет былтыр қаңтар айында дауға қалған. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы оны айыптап, тексеру аяқталғанша барлық жарыстардан шеттеткен болатын. Соның салдарынан Нижат Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылды.

© Robert BECK© Robert BECK
© Robert BECK

Тексеру барысында Нижат Рахимов антидопингтік ережені өрескел бұзып, сараптамаға тапсырған несебін ауыстырды деген күдікке ілінген. Соның нәтижесінде оның 2016 жылдың 15 наурызынан бастап спорттағы барлық жетістігі жоққа шығарылып, 2029 жылға дейін спорттан аластатылып отыр. Бұл шеттету мерзімі Нижат Рахимов дауған қалған 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап есептеледі.

Нижат Рахимов 2013 жылға дейін Әзірбайжан атынан сынға түскен, Сол жылы оның қанынан тыйым салынған допинг анықталып, екі жылға спорттан шеттетілген еді.

2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамаға қабылданған Рахимов жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Ол 2015 жылы әлем чемпионы атанса, 2016 жылы Бразилияда өткен төртжылдықтың басты ойындарында алтыннан алқа таққан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров