Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының Министрлік кездесуіне қатысты


ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Сыртқы істер министрлері кеңесінің 48-ші сессиясына қатысты.
"Бірлік, әділдік және даму жолындағы серіктестік" тақырыбындағы жиын Пәкістан астанасында өтті, деп хабарлайды Экспресс К Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысты. ИЫҰ СІМК төрағалығының ресми түрде Нигер Республикасынан Пәкістан Ислам Республикасына тапсыруы болды, ал Палестина, Камерун және Йемен төрағаның орынбасарлары болып сайланды.


Азия тобының атынан сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерге қаңтардағы қайғылы оқиғалар барысында Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.


Мұсылман елдері арасындағы жанжалдар мен әскери қақтығыстардың жалғасуы аясында ол Сирия бойынша Астана процесінің рөлін, сондай-ақ Исламдық татуласу қазақстандық бастамасының өзектілігін атап өтті. Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ-ны реформалау процесін тезірек аяқтау қажеттігін, бұл жаңа сын-қатерлер жағдайында аса маңызды екенін атап өтті.
Бөлісу