Футбол

Жылдың алғашқы ойыны. Қазақстан құрамасы Молдоваға жетті

Бек ТӨЛЕУОВ

© kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдова астанасы - Кишинев қаласына жетті.

Андрей Карпович жаттықтыратын құрама жігіттері ертең Ұлттар лигасы аясында Молдовамен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Құрама футболшылары Нұр-Сұлтаннан Кишиневке тікелей рейспен ұшып жетті. Футболшылармен бірге арнайы репортаж тарату үшін Экспресс К тілшісі де барды.

Бұл ұлттық құраманың биылғы маусымдағы алғашқы ойыны. Жігіттердің көңіл күйі өте жақсы. Молдовамен екі матч бар. Алдымен Кишиневте кездесеміз. Бар ойымыз жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуанту. Сөйтіп, Ұлттар лигасының С дивизионында қалғымыз келеді,

— деді қорғаушы Темірлан Ерланов.

Тізімге енген футболшылар:

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Ақтөбе"), Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз");

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков ("Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Нұрлан Дайыров ("Тараз"), Тимур Досмағамбетов ("Шахтер"), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (бәрі де — "Тобыл"), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де — "Ақтөбе"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ақсу");

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат ("Астана"), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де — "Тобыл"), Айбол Әбікен ("Ақсу"), Думан Нәрзілдаев ("Каспий"), Рамазан Оразов ("Ақтөбе"), Георгий Жуков ("Висла", Польша), Абылайхан Назымханов ("Шахтер");

Шабуылшылар: Алексей Щеткин ("Ротор", Ресей), Абат Айымбетов ("Астана"), Роман Мұртазаев ("Шахтер"), Айбар Жақсылықов ("Тобыл").

Ойын 24 наурыздаі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров