Кептеліс

Нұр-Сұлтан маңында көлік кептелісі пайда болды

Экспресс К

Видеодан кадр

Ақмола облысындағы блок бекеттерде автокөліктер иін тіресіп тұр.

Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағытындағы тас жолдың жабылуына байланысты 110-ға жуық көлік қаладан шыға алмай тұр, деп хабарлайды Экспресс К Ақмола облысы Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жүргізушілерден қалаға қайтуын сұрады.

ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, жолды тазарту жұмыстары жалғасуда. Алайда, қатты жел мен бұрқасын салдарынан жұмыс жасау қиынға соғып жатқан көрінеді.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласынан шыға берісте 235-ке жуық көлік жиналып қалған. Қазіргі уақытта сап түзеген автокөліктерді колоннамен алып жүру мәселесі шешіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров