Ауа райы

Синоптиктер: "Жел күшейіп, көктайғақ болады"

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміздің солтүстігі пен шығысында бұрқасын жел соғып, оңтүстігінде тұман түседі.

Қазгидромет 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Павлодар облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, шығысы мен солтүстігінде бұрқасын жел соғады.

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік-батысы мен шығысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, Атырау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігі, батысы мен шығысында бұрқасын жел соғады.

Қарағанды облысының солтүстік жартысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын жел соғып, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандыранда тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Облыстың оңтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров