Шенеуніктер

Бұрынғы Қаржы министрі АҚШ-та такси болып жүр

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Ауғанстанның бұрынғы Қаржы министрі Халид Пайенда / Washingtonpost

Ауғанстанның бұрынғы Қаржы министрі Халид Пайенда Вашингтонда такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Ол Ауғанстанды Талибан басып алғанға дейін АҚШ-қа қашып үлгерген, деп хабарлайды Экспресс К.

The Washington Post газетінің жазуынша 40 жастағы министр кезінде АҚШ-тың Ауғанстанға бөлген 6 миллиард доллар бюджетін қадағалаған. Ал қазір ондаған доллар табу үшін такси жүргізуге мәжбүр. Жаңа жұмыс — әйелі мен төрт баласын асыраудың амалы.

Бұрынғы шенеуніктің айтуынша, Кабулдан Вашингтонға көшу оған оңайға соқпаған.

Қазір менің тұрақты жерім жоқ. Мен мына жақты да, ана жақты да өз үйім деп айта алмаймын. Бұл өте ауыр сезім,

— дейді Халид Пайенда.

Пайенда Талибан Кабулды басып алғанға дейін бір апта бұрын Қаржы министрі қызметінен кеткен еді. Ел президенті Ашраф Ғанимен де қарым-қатынасы нашарлаған соң түрмеге қамай ма деп қорқыпты. Сөйтіп, ол АҚШ-та тұрып жатқан отбасына қашып кетеді.

Бізде адам игілігі үшін жұмыс істейтін жүйе құру үшін бүкіл әлемнің қолдауы мен 20 жыл уақыт керек болды. Алайда біз бұл мүмкіндікті пайдалана алмадық. Сыбайластықпен құрылған жүйеміздің күлі бір күнде көкке ұшты,

— дейді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров