Мұнай

Каспий құбыр желісі апатқа байланысты жұмысын уақытша шектейді

Есен ҮРКІМБАЙ

© КТК

Каспий құбыр желісі консорциумы Қара теңіздегі қатты толқын салдарынан жұмысын едәуір көлемге шектейтін болды. Енді оны қалпына келтіру жұмысы біраз уақыт алуы мүмкін.

Каспий құбыр консорциумы айлақтық құрылғысын тоқтату мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) баспасөз қызметі айлақтық құрылғысының бірі зақымданғанын мәлімдеп, жөндеу жүргізу үшін жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады. Бұған теңіздегі толқынның және күнделікті атқарылатын жүктемелердің жоғары болуы тікелей әсер еткен.

© КТК

Осының салдарынан қазір КҚК екінші айлақтық құрылғысын орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда бұл құбыр арқылы мұнай айдауды айтарлықтай қысқартуға әкеледі.

"Жұмысты қалпына келтіру ісі ұзаққа созылатын болса біз қысқартуды жариялауға мәжбүрміз. Бұл орайда қысқарту айтарлықтай маңызды болмақ. Сол үшін мұнай айдау жұмысының кемінде жартысынан көбі тоқтайды", — деді КҚК бас директоры Николай Горбань.

© КТК

Бас директордың айтуынша, КҚК №1 айлақтық қондырғының жұмысын тоқтата тұру мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Өйткені ауа райының қолайлы кезінде жөндеу жұмыстары үш аптаға жуық уақыт алады.

Каспий құбыр желісі консорциумы Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыт болып саналады. Елімізде өндірілетін мұнайдың 80 пайызы осы КҚК арқылы жөнелтіледі. Бұл магистраль жылына 67 миллион тонна мұнайды айдауға қауқарлы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров