Тал егу

Ақтауға Назарбаев келер алдында егілген теректердің орнына қарағай отырғызылды

Есен ҮРКІМБАЙ

Ақтауда былтыр 17-ықшамауданда тып-типыл болған 120 теректің орнына қарағай көшеттері отырғызылды. Екі жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың Маңғыстау облысына жасаған сапарының алдында егілген теректер топырақты жерсінбей, былтыр қурап қалған еді.

©ЭК/Есен ҮРКІМБАЙ©ЭК/Есен ҮРКІМБАЙ
©ЭК/Есен ҮРКІМБАЙ

Енді солардың орнына 40-қа жуық Қырым қарағайы отырғызылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл ағаштар Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағында өсірілген көшеттер екен. Олар сол жерде тәжірибеден өткізіліп, біздің топыраққа жерсіндіріліпті.

"Біздің қалада ағаштың бұл түрі өте аз. Жалпы, шаһарда көшет егу жұмыстары ақпан айында басталды. Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағы түрлі сұрыптағы ағаштарды қай жерге егу, қалай отырғызу жөнінде ғылыми-әдістемелік кеңестер береді. Жаз мезгілінде ботаникалық бақ осы жасыл желектерді күту алгоритмін бақылайтын болады, — ботаникалық бақ директоры Ақжүніс Иманбаева.

2020 жылдың қыркүйек айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Маңғыстау облысына сапарының алдында шұғыл отырғызылған теректер тастақ жерді жерсінбей, солып қалған еді. Алайда олардың жоқ болып кетуі былтыр тұрғындар талқысына түсіп, қала әкімдігі қураған теректерді ботаникалық бақ мамандарымен келісе отырып алып тастағанын айтып, түсініктеме берген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров