Еуропа

Еуропа жаңа қауіпсіздік және қорғаныс жоспарын қабылдады

Экспресс К

©AP/Virginia MAYO

Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер және қорғаныс министрлері қандай да бір дағдарыс болғанда тез жасақтауға болатын әскер құруға келісті.

Құрамында 5 мың сарбазға дейін болатын жедел әрекет ету күштері Еуропаның жаңа қауіпсіздік және қорғаныс жоспары аясында мақұлданды, деп хабарлайды Экспресс К.

Синьхуа агенттігінің хабарынша, Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Хосеп Боррель "Стратегиялық компас" деп аталатын іс-қимыл жоспарын таныстырды. Оның айтуынша, бұл Украинада болып жатқан оқиғаларға жауап емес. Бұл іс-қимыл жоспары 2030 жылға қарай Еуропалық Одақтың қауіпсіздік және қорғаныс саясатын нығайтуға бағытталған.

Біздің Одақтың күші бірлікте, ынтымақтастықта және сенімділікте. "Стратегиялық компастың" мақсаты — ЕО-ны қауіпсіздік жағынан күшті әрі қабілетті ету,

— делінген ортақ қабылданған құжатта.

Сонымен қатар, жаңа іс-қимыл жоспары Еуроодақтың ғарыш саласындағы қауіпсіздігі мен қорғанысының стратегиясын әзірлеуді, кибершабуылдарға төтеп беру үшін киберқорғаныс саясатын дайындауды, сондай-ақ барлау деректерін талдау қабілетін арттыруды қамтиды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров