Наурыз тойы

Мерекелік шара кезінде лақты қинала көтерген бала шалқасынан құлады

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Наурыз мерекесі кезінде лақ көтерген бала шалқасынан түсті. Бар күшін сарп еткен ол соңғы сәтте өзін ұстай алмады.

Балақай мал төлін бірнеше рет көтеруден жарысқа түскен еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде тараған бейнежазбада мектеп оқушысы лақты иығына салып, 33 рет көтерді. Еліміздің қарлы аймағындағы ауылдардың бірінде өткен мерекелік шараға қатысқан баланың әрекетіне көпшілік сүйсінді.

Ауылдастары қиқулап қолдау білдірген бала барын салды. Бастапқыда қиналмай отырып тұрған бала соңғы сәтте сыр берді. Шайқалған күйі бірнеше рет көтергенімен, соңғы сәтте өзіне ие бола алмады.

Желі қолданушылары көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бейнежазбаға қатысты "Батыр бала екенсің! Әлі қошқарды көтересің!", "Балақай-ай, аяғы талды ғой", "Өзі сондай сүйкімді. Кішкентайынан мал тауып жүр" деп пікір қалдырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров