Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалдының тау бөктеріндегі вилласының суреттері жарияланды

Ержан ШАЙЖАН

Қайрат Сатыбалдының тау бөктеріндегі вилласының суреттері 

Аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айыппен екі айға қамауға алынған Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы тағы бір вилласының спутниктен түсірілген суреттері пайда болды. Іле Алатауы ұлттық паркінде орналасқан хан сарайдың фотоларын белгілі заңгер Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде бөлісті.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Экспресс К Сатыбалдының Ұзын Қарғалы шатқалында орналасқан вилласы туралы бұрынырақ жазған болатын.

Спутинктен түсірілген фотоларды заңгер Бақытжан Базарбек өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, кадастрлық нөмірі 03-047-150-053, ауданы 62 458 шаршы метр болатын жер телімі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі. Қазір бұл аумақта аумағы 2500 шаршы метр болатын вилла, үлкен бау-бақша және оның бойындағы әдемі жолдар, екі тікұшақ алаңы, теннис корты, қонақ үй, күзет үйі және бірнеше көлікке арналған тұрақ бар.

Алайда бұл вилланың қасында ешбір елді мекен жоқ. Ұзын Қарғалы шатқалының әсем тау жоталарының ортасында Қайрат Сатыбалдының вилласы жалғыз орналасқан. Бақытжан Базарбек ешбір елдімекенмен шектеспейтін жалғыз үйге жер телімі қандай жолмен берілгенін жіті тексеру керектігін айтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров