Newscorr

Newscorr: Қаңтарда Талдықорғандағы күштік құрылым өкілдері кепілге алынған

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында наразы топтың Полиция департаментін басып алған сәті жарияланды. Бейнежазбада жүздеген адам күштік құрылым ғимаратын қиратқаны байқалады.

Алматы облысында Полиция департаментін наразы топтың басып алған сәті жазылған бейнежазбаны оқиға куәгерлерінің бірі Экспресс К порталының Newscorr қызметіне жүктеді.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында назаралық шеруі өтіп, соңы жаппай бұзақылыққа ұласқан болатын. Бүлікшілер Талдықорғандағы бірқатар нысандарды қиратты.

Жарияланған бейнежазбада бұзақылардың қалай әрекет еткенін анық байқауға болады. Онда жүздеген адам облыстық Полиция департаментіне кіруге әрекет жасап, ойларын іске асырған. Сонымен бірге олар ғимарат ішінде отырған күштік құрылым өкілдерін кепілге алған.

Оқиғаның ары қарай қалай өрбігені белгісіз. Кепілге алынған қызметкерлерді қайда әкеткені белгісіз.

Қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің көптеген облыстарында жаппай наразылық өтіп, оңтүстік облыстарда адам шығыны тіркелді. Алматыдан бөлек, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында митингке шыққандар арандатуға еріп, көбі зардап шеккен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров