Илон Маск

Илон Маск Украинаға мыңдаған Starlink терминалын жеткізді

Экспресс К

Илон Маск / © AP/Matt ROURKE

Илон Масктың "SpaceX" компаниясы Украинаға спутник арқылы жұмыс істейтін мыңдаған Starlink интернет-терминалдарын жеткізді.

Бұл турары компания басшысы Гвинн Шотвелл мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мен Украина халқына терминалдар ұсына алғанымызды мақтан тұтамын. Меніңше, бұл адамдар арасында байланыс үзілмей, бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін өте пайдалы,

— дейді ол.

Шотвеллдің айтуынша, Украинаға жіберілген Starlink терминалдарына қаржыны негізінен жеке адамдар жинап берді.

Украинаның цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров Илон Масктан елді Starlink-қа қосуды 26 ақпанда сұраған болатын. Келесі күні Маск жылдамдығы аса жоғары интернет жеткізетін Starlink ғаламдық спутник жүйесін Украинаға қосқанын мәлімдеді.

Сөйтіп Starlink терминалдары бар алғашқы жүк көлігі Украинаға 28 ақпанда келді. Олар Одесса және басқа да бірқатар аудандарда орнатылды.

Starlink өте оңай жұмыс істейді. Аранйы пластина немесе терминал ғарышта ұшып жүрген 2 мыңнан астам Starlink спутнигіне автоматты түрде қосылады. Содан кейін спутник жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ететін ең жақын жердегі станциямен байланысады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров