Newscorr
Newscorr: Алматы облысында 3 бала өздері ұрлаған көліктің быт-шытын шығарды


Видеодан кадр
Оқиға 22 наурызда Алматы облысының Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында болған.
Жасөспірім балалардың бұзақы қылығы түсіп қалған бейнежазбасы Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.
Видеодан кішкентай балалардың көлікке бірде отырып, бірде айдап бара жатқан сәтін көруге болады. Олардың көлік жүргізе алмайтыны бір қарағаннан-ақ байқалады.


© Newscorr
Есіктің алдында тұрған көлікті таңға жуық 3 жасөспірім ұрлаған. Бірақ айдай алмай, быт-шыт қылып соғып, жолға тастап кеткен. Көлік бірнеше сағаттан кейін "Алтын орда" базарының маңындағы жер үйлердің алдынан табылды. Көліктің сау жері қалмаған,
Оқи отырыңыздар:
Енді балалардың әрекетіне қатысты қандай шара қолданылатыны белгісіз.
Бөлісу