Экспорт

Қазақ мұнайын шет елге сату жолы өзгеруі мүмкін

Экспресс К

© КТК

Бүгін Каспий құбыр желісі консорциумының теңіз терминалы жұмысын уақытша тоқтатты.

Оған Новороссийскідегі жылдамдығы 35 м/с-қа дейін жеткен қатты дауыл себеп болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Еліміздің Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша 3-ші шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасы ығысып кеткен. Бұдан бөлек ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілері зақымдалған. Осыған байланысты Каспий құбыр консорциумы осы екі ШАҚ-ты жуып әрі жөндеу үшін уақытша тоқтата тұрады.

Қазіргі кезде Энергетика министрлігі Каспий құбыр желісі консорциумы теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша кеңес өткізіп жатыр. Бұл ретте отандық мұнайды экспортқа жөнелтуді ұлғайту үшін баламалы бағыттар пысықталуда,

— деп хабарлады министрлік.

Біз бұған дейін Каспий құбыр желісі апатқа байланысты жұмысын уақытша шектейтіні туралы жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров