Қыз қуу

Қыз қуудан жеңілгеніне ызаланған жігіт қызға қамшы сілтеді

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Наурыз мерекесіне орай өткен қыз қуу сайысында жеңіліп, қамшының астында қалған жігіт жұртқа күлкі болды. Ұлттық ойындарға қатысқан азаматтың айтуынша, аты шабандау болған.

Сөйтіп, қыз қуудан жеңілген ол бойжеткенді ұрып жіберді, деп хабарлайды Экспресс К.

Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар кезінде қыз қууға қатысқан жігіттің күлкіге қалғанын көрсететін бейнежазба желіде талқыға түсті.

Жігіт жүйрік атқа мінген қызға жете алмай қалды. Алайда кері бағытта өкшелей қуған қыздан құтыла алмай жұрт алдында масқара болды.

Қыздың ұрғанына шыдамаған ол бойжеткеннің өзіне қамшы сілтеді. Бейнежазба авторы жігітпен сөйлескенінде, ол атының аяғына жем түсіп, шабандау болғанын айтқан.

Желіде бейнежазбаны тамашалаған қолданушылар түрлі пікір қалдырып, жігітті жазғырып жатыр. "Атың шабан болса, қыз қуу сенің не теңің?", "Ұят деген осы!", "Жұрт алдында абыройы айрандай төгілді", "Қыз жігіт сияқты" деп түрлі ойларын жазған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров