Қайғылы оқиға

Жаңаөзенде көлік жуып жатқан әйелді Kia Rio қағып, аяғынан айырды

Есен ҮРКІМБАЙ

© ЛАДА

Жаңаөзенде көлік жуу орнында жұмыс істейтін әйел оқыс оқиғадан соң аяғынан айырылды. Оны сырттан қатты келген көлік қаққан.

Оқиға 22 наурыз күні "Астана" ықшамауданында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің өкілдері қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Kia Rio жүргізушісі көлік жуу орталығының алдында газ және тежегіш педальдарын шатастырып, Toyota Alphard-пен соғылды. Онымен қоймай, көлік жуу орнында тұрған Toyota Camry-дің артқы жағын жуып жатқан әйелді барып соққан. Зардап шеккен 31 жастағы келіншек бірден қалалық орталық ауруханаға жеткізді. Бізге жеткен ақпарат бойынша әйел аяғынан айырылып, жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Жол апатына қатысты Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы тергеу жүргізуде", — деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров