Алматы

InDriver компаниясы қызметкерлерінің жартысы Алматыға қоныс аудармақ

Есен ҮРКІМБАЙ

© InDriver

Халықаралық жолаушылар тасымалы сервисінде аса танымал InDriver компаниясында істейтін қызметкерлердің бір легі Қазақстанға қоныс аудармақ. Chocofamily Holding-тің негізін салушы әрі иесі Рамиль Мухоряпов бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеді.

InDriver қызметкерлері елімізге Ресейден көшіп келеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Рамиль Мухоряповқа бұл туралы InDriver-дің иесі Артем Томский айтқан. Ол өз қызметкерлерінің наурыз айының соңында Алматыға табан тірейтінін жеткізіпті.

"InDriver-дің иесі Артеммен кездестік. Біздің ел үшін керемет жаңалық. Мұндай қонақтарды жылы қарсы қарсы алып, қонайжайлық таныту керек. Себебі бұлар — Ресейдің әрі әлемнің мықтылары. Енді олар Қазақстанда тұрады, салық төлейді, сауда жасайды. Қазақстан тұрғындарын технология бойынша оқытып, білім береді", — деп жазды Рамиль Мухоряпов instagram-дағы парақшасында.

InDriver жүйесі алғаш рет 2013 жылы Ресейдің Якутск қаласында іске қосылды. Күн райы қатты суытқан кезде такси қызметі клиенттерден қымбат ақы сұраған соң осындай жүйе ойластырылып, жеке бастама ретінде іске асырыла бастады. Көп ұзамай әлемнің елуден астам елінде қолданылып, зор сұранысқа ие болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров