Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтан мен Алматының қонақ үйлерінде ресейліктер лық толып жатыр

Экспресс К

Pixabay

Көрші елдерден келген азаматтар Қазақстанның ірі қалаларындағы қонақ үйлерге орналасып жатыр.

Олар көбіне Ресей мен Беларустан келген азаматтар және басым көпшілігі бағасы орташа қонақ үйлерді таңдаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Нұр-Сұлтандағы сондай қонақ үйлердің бірінде (бағасы 5 мың теңгеден басталатын) менеджер болып жұмыс істейтін Тамара Смирнованың айтуынша, бұндай қонақ күтпегелі көп болған.

"Қазір қонақ үйімізде Ресей мен Беларустан келген адам өте көп. Біразы осы жерге уақытша тоқтап, ары қарай шет елдерге кетудің қамын ойласа, кейбіреуі Қазақстанның аймақтарында жұмыс істеуге кіріскен",

-дейді менеджер.

Алматыда да дәл сондай жағдай қалыптасып отыр. Вookoing.com сайтындағы рейтингі жоғары қонақ үйлерде бос орын жоқтың қасы.

Жалпы, Нұр-Сұлтан мен Алматының қымбат қонақ үйлерінде (тәулігі 20 мың теңгеден асатын) Ресейден келген азаматтар көп екені анықталып отыр. Қонақ үйдің қызметкерлері оларға жан-жақты көмектеседі. Мәселен, жаңа сим-карта сатып алатын жерлерді, ақша айырбастайтын оңтайлы жерлерді көрсетіп, ақыл айтып отырады.

Тағы бір қызығы, Алматының "Көк базарында" қолына қолма-қол ғана ақша ұстаған ресейліктер көп кездесіп жатыр. Осыған қарағанда, Қазақстанның екі бас қаласының экономикасы жандана бастайтын тәрізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров