Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысында бірқатар тас жол жабылды

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қатты қар жауып, жолда көрудің нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар жолдар жабылды.

2022 жылғы 23 наурыз күні сағат 14:00-ден бастап "Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан" (0-45 шақырым) және Қапал ауылына кіре беріс (0-16 шақырым) жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Экспресс К Алматы облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 16:30-дан бастап облыстық маңызы бар "Қабанбай-Көктұма" (6-97 шақырым) тас жолдары автокөліктің барлық түрлері үшін жабық,

— делінген хабарламада.

Алматы облысы Төтенше жағдай департаменті азаматтардан осы бағыттағы жолға шықпауға және 112 қызметі жіберген СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров