Жол апаты
Қосшы маңында көліктер жаппай соқтығысты


Видеодан кадр
Қатты боран салдарынан 10-ға жуық көлік пен жолаушылары автобусы соқтығысып қалды.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқи отырыңыз:
Республиканың кей өңірлерінде қалың қар жауса, бас облыстарда ауа райы нашарлап, қатты боран соқты. Жолды көру мүмкіндігі нашарлағандықтан бір-біріне соқтығысқан көліктер жапырылып қалды.
Бейнежазба авторы жүргізушілерден жолға шықпауын сұрады.
Жол-көлік апатының себеп-салдары мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.
Ескерту: видеода бейпіл сөздер кездеседі!
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауға, көліктің техникалық жағдайына мұқият болуға шақырады.
Бөлісу