Андрей Карпович: "Құрамаға футболшыларды іріктегенде тұрақтылыққа мән беріледі"

Бек ТӨЛЕУОВ

© ЭК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында қалу үшін Молдова құрамасымен екі кездесу өткізеді. Алғашқы матч ертеңге жоспарланған.

Кишиневтегі ойынның алдында ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович өз ойын білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Экспресс К: Алғашқы сұрақ: команданың көңіл күйі қалай?

Андрей Карпович: Құрама Молдова астанасына жақсы көңіл күймен келді. Шыны керек, дайындыққа уақыт аз болды. Соған қарамастан жігіттердің барлығы дайын.

Экспресс К: Әлеуметтік желіде жанкүйерлердің көбісі "Тараз" командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтананы неге шақырмады деп жатыр. Бұған не айтасыз? Кейбіреулер жылдамдығы баяу болған соң алмады дейді...

Андрей Карпович:Мәселе онда емес.Чемпионаттың алғашқы 2-3 турында жақсы ойнағандардың бәрін шақыра бермейміз. Бастысы, тұрақтылық керек. Жоғары деңгейлі ойынды тұрақты көрсетіп жүргендерге басымдық беріледі. Бауыржан Байтана кеңейтілген тізімде болды. Бірақ соңғы таңдауды жасау кезінде 24 футболшының қатарына енбеді. Өйткені халықаралық арендағы тәжірибе, тұрақтылық басқа да аспектілерді есепке алған кезде оның позициясында өзге ойыншылар болды.

Экспресс К: Ертең алаңға сары қағазына байланысты Исламбек Қуат қатыса алмайды. Бұл командаға қаншалықты әсер етеді?

Андрей Карпович: Исламбекпен қатар Ян Вороговский де қатардан шығып қалды. Ол Бельгия чемпионатында жарақат алып, құрамаға келе алмады. Ал Исламбек тәжірибелі ойыншы. Дегенмен оның орнын басатын футболшылар бар. Қуаттың Кишиневте көмектесе алмайтынын білдік. Бірақ командалық рух басқа да себептермен ала кеттік.

Экспресс К: Алаңда команданы капитан ретінде кім бастап шығады? Ғафуржан Сүйімбаев пен Асхат Тағыбергенді айтып жатқандар бар...

Андрей Карпович: Иә, осы екеуінің біреуін таңдайтын шығармыз. Нақты шешім ойын алдында қабылданады. Бір айта кетерлігі, мінезді, харизмасы жоғары жігітті капитан етіп қоямыз.

Экспресс К: Неліктен, құраманың бас бапкері ретінде толыққанды тағайындамады. Сізді бүгін бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде таныстырды.

Андрей Карпович: Сұрақ маған емес деп ойлаймын. Басшылық жауап береді. Өз тарапымнан айтарым, осы екі матчта көп нәрсе шешіледі. Футболда мұндай жағдайлар өте көп. Федерацияның шешімін талқылау дұрыс емес. Өзім Қазақстанда дүниеге келдім, құрамада ойнадым енді бас бапкер болу — зор құрмет.

Андрей Карпович / ©ЭКАндрей Карпович / ©ЭК
Андрей Карпович / ©ЭК

Экспресс К: Құрамада көптеген жас ойыншылар бар екен. Оларға да мүмкіндік бересіз бе?

Андрей Карпович: Біздің құрамада қазіргі кезде тәжірибелі футболшылармен қатар жастар да жетерлік. Яғни командалық баланс бар. Осы ретте жастарға да мүмкіндік беріледі . Ең бастысы, шеберлік пен тұрақтылық бірінші орында тұру тиіс.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров