Владимир Путин

Путин Ресеймен байланысын үзген елдерге газ жеткізуде рубльмен есеп айырыспақ

Экспресс К

©AP/Mikhail KLIMENTYEV

Сондай-ақ, Владимир Путин Ресей газды бұрын жасалған келісім-шартта белгіленген көлемде жеткізуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Ресей Президенті Үкімет мүшелерімен кездесу кезінде дос емес елдерге газ жеткізгені үшін төлемді рубльмен қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ресей өзімен қарым-қатынасын бұзған елдерге табиғи газ жеткізуді жалғастыра береді. Бірақ төлем тек рубльмен қабылданады.

Тауарларымызды Еуропалық Одақ пен АҚШ-қа жеткізіп, доллармен, еуромен немесе басқа валюталармен есеп айырысудың біз үшін еш мәні жоқ,

— деді Путин.

Осындай шешім қабылданғаннан кейін газ бағасы шарықтап кетті. Reuters агенттігінің мәліметінше, рубльдің долларға шаққандағы бағамы да көтерілді. Бір доллар 95 рубль болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров