Алматы облысында бір үйір жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды


Pixabay
Полиция облыстың солтүстік өңірінде мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
Алматы облыстың ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К. Оның екеуі ауыл тұрғындары болып шықты. Енді біреуінің бұған дейін мал ұрлаған үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.


32 жастағы шымкенттік кәсіпкер күдіктілерді 50-ден астам жылқы ұрлады деп айыптап, үстілерінен арыз жазды. Жәбірленуші Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында шаруа қожалығын ұстайтын көрінеді.


Бастапқыда ақпан айында 32 жылқы ұрланып, кәсіпкерге 25 миллион теңге шығын келтірілді. Кейін тағы 19 бас жылқы ұрланды. Одан келген шығын 14,5 миллион теңгеден асады.
Тергеу барысында полицейлер ұрланған табынның 33 бас етін тауып, заңды иесіне қайтарып берді.
Елімізде мал ұрлығымен күрес айтарлықтай күшейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та баса назар аударды. Мал ұрлығы үшін жаза қатаңдатылды,
Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың бұған дейін мал ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Бөлісу