Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы


©️ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Республиканың батысында күн райы жауын-шашынсыз болады.
Қазгидромет орталығының мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды Экспресс К.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Қостанай облысында солтүстігінде бұрқасын жел соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, облыстың орталығы мен солтүстік-шығысында жел секундына 18 метрге күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарда жел секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Атырау облысының батысында, шығысында және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Бөлісу