Шоу-бизнес

Бүркіт айтып жатқан әніне билеуге шыққан балаларға уыстап ақша берді

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/berkut_aibekjan

Бүркіт атымен танымал Айбек Жансейіт ән айтып жатқанда, қасына келіп билеген балаларға уыстап ақша үлестірді.

Олар әншінің "Тау-тау сезім" атты ырғақты әніне билеген, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Әнші Бүркіт жары Айшамен бірге кешегі мерекеге арналған "Наурыз-думан" атты концертте "Тау-тау сезім" атты әнді орындаған. Сол кезде жұлдызды жұппен бірге билеуге 4-5 бала жүгіріп шығады.

Шоу-бизнестегі ең бай әнші Бүркіт билеп жүрген балалардың көңілін қимай қалтасынан әмиянын алып шығып, ақша тарата бастайды.

Әнші балаларға он мың теңге үлестірген сияқты. Instagram-дағы мына видеода бес бала оны бөліп алатынын айтып жатыр.

Екі мыңнан бөліп аламыз,

— дейді балалар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров