Көкпар

Тоқсанға таяған қария көкпарда жастарды шаң қаптырып кетті

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Түркістан облысында өткен көкпарда 87 жастағы қария додаға түсіп, салым салды. Қалың топтан қара үзіп шыққан ата серкені бір қолмен көтеріп көпшілікті таңғалдырды.

Шардарада тоқсанға таяған қария көкпарда салым салды, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде тараған бейнежазбада Түркістан облысы аумағында өткен көкпарда қарияның көкпарға түскені жұртты таңдай қақтырды. Жасы тоқсанға таяса да тың, ат үстінде тік отырған қария серкені бір қол қолымен ұстап, ерге байламай ортаға әкеп тастайды.

Көпшілік қарияның есімі Әбдікеш екенін жазды. Ол ертеде аты осы өңірге белгілі көкпаршы болған екен.

"Ат үстінде отырғанының өзінде мән бар ғой", "Аты жастау, шабандоз тым кәрі екен", "Әбдікеш ата ұзақ жасасын", "Бір қолмен тартып әкелді ата", "Жас жігіттер де жөн біледі екен" деген сыңайда түрлі пікір қалдырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров