Қазақстандық

Уругвайлықтарға қарағанда қазақстандықтар бақытсыз

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қазақстан әлемнің бақытты елдерінің рейтингінде 40-орын алды.

Алдымызда Еуропа елдері мен АҚШ, тіпті Гватемала мен Уругвай бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Бақытты елдердің рейтінгін World Happiness Report ұйымы жасады. Олар елдегі табыс көзі, жұмыссыздық, халықтың тұрмыс жағдайы мен өзге де көптеген факторларды зерделеп, рейтинг жасаған. Рейтинг жасау кезінде, яғни 2019-2021 жылдар аралағында сауалнама да жүргізілген.

Бақытты 10 елдің қатарына Финландия, Германия, Ирландия, Швейцария, Нидерланд корольдігі, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия кірген.

Қазақстан рейтингте 40-орынға жайғасты. Алдымызда Еуропа елдері, Америка мен Азияның дамыған елдері, тіпті кедейшілік жайлаған Коста-Рика мен Уругвай да бар.

Бір қызығы, рейтингте еліміз Кипр аралдарын, Польшаны, мұнай айдаһары саналатын Кувейтті, Венгрияны, тіпті дамыған Жапонияны басып озды. Ал Тәуелсіз мемлекеттер достастығында ең бақытты ел Қазақстан екен.

Рейтингті 143-ші болып Ауғанстан аяқтаған. Демек, ауғандықтар — ең бақытсыз халық.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров