Нижат Рахимов

Олимпиада алтынынан айырылған Нижат Рахимов мәлімдеме жасады

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

2016 жылы Риода ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған Нижат Рахимов кейін допинг дауына ілінген еді. Соның салдарынан алтын медалінен айырылып тынды.

Осы жағдайға байланысты қазақстандық спортшы мәлімдеме жасап, мұндай шешіммен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К.

Нижат Рахимов өзінің Instagram-дағы парақшасына Спортағы төрешілік соты (CAS) допингке қарсы департаментінің шешіміне таң қалғанын жазады.

Спортшының айтуынша, сотта допинг сынамаларды алған және осы процеске жауапты адамдардың іс-әрекеттеріне баға берілмеген.

"Осы іспен айналысқандарға және олардың басшыларына біраз сұрақ қойылуы керек. Себебі ол адамдардың ниеті таза емес екенін уақыт көрсетті! Сұрақ көп, ал жауап жоқ. Сондықтан мен бұл шешіммен келіспеймін! Бұл жағдайда ең сорақысы, менің Олимпиада ойындары кезінде тапсырылған сынамама қатысты ешқандай мәселе жоқ. Бірақ менен және бүкіл Қазақстаннан басты марапат — Олимпиада ойындарының алтын медалін тартып алғысы келеді. Сондықтан мен бұл шешімге қатысты шағым жазамын", — дейді спортшы.

Еске салсақ, тексеру барысында Нижат Рахимов антидопингтік ережені өрескел бұзып, сараптамаға тапсырған несебін ауыстырды деген күдікке ілінген еді. Соның салдарынан оның 2016 жылдың 15 наурызынан бастап спорттағы барлық жетістігі жоққа шығарылып, 2029 жылға дейін спорттан аластатылып отыр. Бұл шеттету мерзімі Нижат Рахимов дауға қалған 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап есептеледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров