Кір тасын көтеру

Кір тасын 70 рет көтерген Сәбина көпшілікті тамсандырды

Экспресс К

Видеодан кадр

Наурыз мерекесін тойлау кезінде спорттық сайыстың сәнін келтірген Сәбина есімді бойжеткеннің бейнежазбасы желі қолданушыларының көңілінен шықты.

Сәбина кір тасын 70 рет көтеріп, ер жігіттерді шаң қаптырып кеткен, деп хабарлайды Экспресс К

Бейнежазба еліміздің солтүстік өңірінде түсірілгенге ұқсайды. Себебі, көктем келгенімен , жерде әлі қалың қар жатыр. Видеодағы бойжеткеннің есімі Сәбина екені белгілі. Ол 16 келілік кір тасын 70 рет көтеріп, мерекеге жиналған көпшілікті таңғалдырған.

Сабинаға спорттың бұл түрі жақсы таныс секілді. Себебі , қимылы ширақ, әрекеттері шыңдалған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров