Абай

Ұлы Абай әкесі Құнанбайға не үшін ас бермеген?

Ержан ШАЙЖАН

Абай Құнанбаев / Құнанбай Өскенбаев

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы әкесі дүниеден өткенде дүрілдетіп ас бермеген. Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы мәлімдеді.

"Замана" бағдарламасына берген сұхбатында саясаткер Абайдың неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның айтуынша, ұлы ойшыл ысырапшылықтан аулақ болған.

"Қазақ ақынының бір сөзі бар: "Асқандарды да көргенбіз, тасқандарды да көргенбіз, асып-тасып басқандарды да көргенбіз" деген. Сол басып, ойланатын заман келді. Садақаны тойша өткізу, тойды одан да асырып өткізу, бір-бірімізбен бәсекелестік болу міндетті емес еді. Бір мысал келтірейік, Ұлы Абай Құнанбайдың асын өткізбепті. Дәулеті жетеді, беделі жетеді. Неге?! Абайдың ойынша, оны адамдар заманында түсінбеді. Бұл садақа, ас деген мал шашу, ысырап! Осы қаншалықты қажет? Сол садақадан марқұмға қандай ишарат тиеді деген ойменен Абай Құнанбай секілді әкесінің асын шағын ғана адамдармен, бүкіл дін рәсімдерін сақтап өткізген. Оны ел кейін түсінген. Аштық келгенде түсінген. Қиындық келгенде түсінген. Бекер шашылған екенбіз, молшылық заманда барымызды бағаламаған екенбіз, Абай дұрыс істеген деп кейін түсініп жатырмыз", — дейді Амангелді Айталы.

Алайда Айталының бұл пікірін әлеуметтік желіде сынап жатқандар көп. Олар: "Толықтай қосыла алмаймын", "Абай әкесіне ас бермеген деген тәмсілді бұлай насихаттауға болмайды", "Әруаққа берілетін астың орны бөлек", "Дүниесі жетіп тұрып неге бермеген?", "Абай туралы өтірік сөйлемеңдер", — деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров