Қазақстан жаңалықтары

"Бұл - Қазақстанға ауыр соққы". Каспий құбыр желісіндегі апат туралы

Фархат ӘБІЛОВ

© КТК

Каспий құбыр желісіндегі мұнай тиеу терминалының жұмысы толық тоқтатылды.

Сарапшы Ғалым Хұсайыновтың айтуынша, бұл апаттың елімізге тигізер зардабы орасан зор, деп хабарлайды Экспресс К.

Мұндай апаттың болатыны туралы болжам айтылып, алдын алу шаралары ойластырылуы керек еді. Не болса да, "ТеңізШеврОйлдың" өзі еліміздің табысының 20 пайызын беріп отыр. Алайда осындай апаттан кейінгі түйткілді шешу жолдарын ешкім қарастырмаған сияқты. Ал қара алтынды басқа жолдармен тасымалдау өте қиын болып тұр. Еліміз темір жол арқылы 53 миллион тонна мұнайды экспорттап отыр. Тағы да 3-4 миллион тонна қара алтында басқа жолдармен тасымалдау жайын қарастыруға болады. Алайда қалғанын тасымалдау үшін реконструкция мен үлкен қаржы керек болады. Қолда барды қайтадан жасақтағанның өзінде тек 10-15 миллион тонна мұнайды экспорттай аламыз.

— Қалған мұнайды не істейміз?

© AP© AP
© AP

— Еліміздегі мұнай резервуарларының барлығын толтырып, әрі қарай еліміз бен шетелдік мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтеміз. Қырғызстан мен Өзбекстанда технологиясы дамымаған зауыттар бар. Соларға құюға болады. Осылай әрі кетсе тек 2 млн тонна мұнайдан құтыламыз. Әрі қарай тек қиын болады.

Сарапшының айтуынша, еліміздегі алпауыт мұнай компанияларының көмегімен мұнай химиялық зауыттарын салуға болады. Бірақ жаңа зауыттың салынуы үш жылдан көп уақыт алады.

Еліміздің Энергетика министрлігі Каспий құбыр желісі консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша келіссөзді әрі қарай жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров