Қазақстан жаңалықтары

Машкевич өзін Ресей олигархымен кездесті деген ақпаратты жоққа шығарды

Экспресс К

Александр Машкевич

Қазақстанның танымал бизнесмені өзін Ресей астанасында орыс олигархымен кездесті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол Ресей кәсіпкері Петр Авенмен көптен бері кездеспегенін алға тартып отыр.

"Мен Петр Авенмен кездескен жоқпын. Біз соңғы рет бірнеше ай бұрын жолыққанбыз",

деді ЭК сайтына Машкевич.

Айта кетейік, бұның алдында бірқатар украиналық БАҚ осы елдің барлауына сілтеме жасай отырып, Мәскеуде орыс олигархы Петр Авен мен қазақстандық кәсіпкер Александр Машкевич кездескен болуы мүмкін деген ақпарат таратқан.

Кездесу кезінде екі тарап Ресей президенті Владимир Путиннің саясатын талқылауы ықтимал деген болжам айтылған. Яғни осы кездесу кезінде Авен Ресей олигархтары қазіргі президенттің іс-әрекеттеріне ашулы екенін айтуы мүмкін делінген еді желіде тараған ақпаратта.

FINANCE.kz телеграм-арнасының авторы Андрей Чеботарев Машкевич пен Авен кездесті ме деген ақпаратқа фактчекинг жасаған.

Ол украиналық ресурстардағы бұндай ақпарат жалған екенін және бұл "Қазақстанды ақпараттық соғысқа араластыруды мақсат ететін жазба екенін" айтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров