Newscorr

Newsсorr: екі жасөспірімнің түсініксіз қылығы қызу талқыланып жатыр

Экспресс К

Видеодан кадр

Ғаламторда екі жасөспірімнің түсініксіз іспен айналысып жатқанын көрсететін видео тарады.

Бейнежазбаны тұрғындардың бірі Экспресс К сайтының Newscorr желісіне жіберген.

Видеода жеке үйдің ауласында екі бала жүр. Бірі ақ кимоно киім киіп, аяқ-қолымен бокс қабына ұқсас затты ұрғылап жатыр. Ал екіншісі реактивті қозғалтқышы бар қоқыс жәшігіне мініп алған. Қолындағы өрт сөндіру кезінде пайдаланатын баллонның ішіндегіні шашып, айғайлайды. Осы сәтте қоқыс жәшігінен құлап түседі.

Ғаламторда екі жасөспірімнің бұл әрекеті қызу талқыға түсті. Бірі бұлардың әрекетін ақымақтық десе, енді бірі бұндай іс-әрекетті бірлесіп жасаудың өзі адамдарды бір-біріне жақындата түсетінін айтқан.

Қазіргі таңда кез келген адам танымал видеоның авторы бола алады. Ол үшін видеоны Newscorr сервисі арқылы Экспресс К сайтының редакциясына жіберу керек. Әрбір жарияланған видеоның авторы 100 мың теңгеге дейін ала алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров