НАТО

НАТО Шығыс Еуропадағы әскерін күшейтеді

Есен ҮРКІМБАЙ

©AP/Adrien COURANT

НАТО жақын уақыттары Шығыс Еуропа аумағына әскер кіргізуді мақұлдауға ниетті. Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы мәлімдеді.

НАТО таяу күндері Шығыс Еуропа аумағында әскери контингтентін арттыруы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

ВВС-дің жазуынша, Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг осындай мәлімдеме жасаған. Бас хатшы Ресейдің Украина аумағына басып кіруіне арналған кезектен тыс саммитте НАТО-ның алда қабылдайтын шешімі туралы айтты.

АҚШ президенті Джо Байден алдағы аптаның бейсенбісінде Брюссельде өтетін кездесуде осы мәселені талқылайды деп күтіліп отыр.

Йенс Столтенберг Венгрия, Словакия, Болгария және Румыния үшін қосымша әскери күш бөліненін жеткізді. Сонымен бірге, саммитте Украинаға тағы да көмек пакеті бекітілуі керектігін айтып, онда химиялық, биологиялық және ядролық қаруды қолдана отырып шабуылға тойтарыс беруге бағытталған қорғаныс шараларын күшейтуге ерекше назар аударған.

Мен НАТО-ға мүше елдердің көшбасшыларынан блоктың бүкіл аумағында, әсіресе, шығыс бөлігінде альянстың позициясын нығайтуға келісім күтемін. Құрлықта, әуеде және теңізде,

— деді Столтенберг.

Осыдан тура бір ай бұрын Ресей әскері Украина жеріне басып кірген еді. Бір ай ішінде Украинаның бірнеше қаласын РФ қарулы күштері бомбалап, мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров