Қой

"Қора іші қан-жоса". Ауыл иттері 17 қойды қасқыр сияқты қырып кеткен

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

© Ғалымжан ТАЖИМЕТОВ

Жамбыл облысы Пригородное ауылының тұрғыны Ғалымжан Тәжіметов кәдімгі иттердің кесірінен бағып отырған малынан айырылып қалған. Салпанқұлақтар оның үйінің қорасына түнделетіп кіріп, қойлар мен жаңа туған қозылардың қарындарын жарып, өлтіріп кеткен.

Ол кезекті шабуылдың үстінен түсіп, қойларға шапқан иттің ауылдасына тиесілі екенін анықтапты, деп хабарлайды Экспресс К

Қорадағы қойларға алғашқы шабуыл осыдан он күн бүрын болыпты. Ол кезде 10 мал өлген. Иттер жануарлардың тамағын орып тастаған. Бұл оқиғадан соң Ғалымжан Тәжіметов қорасының қоршауын күшейтіп, тесік қалдырмай қымтаған. Алайда бұл аузына қан тиген иттерді тоқтата алмапты. Бүгін олар қораға қайта түсіп, 7 жануарды өлтіріп кеткен.

Кірсем, қора іші қан-жоса. Содан қашты, артынан қудым. Ауылдағы үйлердің біріне кірді. Үйде үлкендерден ешкім жоқ екен. Кішкентай қыз шығып, осы үйдің иті екенін мойындады. Полицияға хабарласып, учаскелік инспекторға барлық жағдайды айтып бердім,

— дейді ашуланған тұрғын.

Ғалымжанның жұбайы Сәулеш Тәжіметова иттерін бос жібергендер қырылған малдың өтеуін төлесін деп отыр. Ол бірнеше мәрте болған жағдайдың қайта қайталануынан қорқады.

Не деген сұмдық мынау. Қазір қойларға шауып жатыр, ертең балаларға шабады. Жаурап қалмасын деп қыстаудан осында алып келгенбіз. Өте обал болды,

— дейді ол.

Тәртіп сақшылары бұл жағдай бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетіпті. Малы қырылған тұрғыннан арыз қабылдап, иттердің иесін анықтап жатыр екен. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер тексеру жұмыстарының нәтижесін кейінірек хабарлайтынын айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров