Шоу-бизнес

"Санта-Барбара". Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаеваны өзі ұзатпақ

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/sabit_abdykalykov / instagram.com/aigul_imanbayeva

Танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов тағы елді шулатты.

Бұл жолы ол экс-жары Айгүл Иманбаеваға ерекше тілек айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Актердің тілек айтып тұрған сәтінен түсірілген видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды. Бейнежазбада Сәбит бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаеваны жылдамдатып ұзатып, құтты орнына қондыруды қалайтынын айтты.

Жақында Иманбаева 45 жасын тойлап еді. Думанды кешке актрисаның өнердегі және өмірдегі достары тайлы-тұяғы қалмай жиналды. Сол думанды кеште өнер иесінің экс-күйеуі Сәбит төбе көрсетті.

Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламызды үйлендірейік. Ал оған дейін мен сені қолымнан ұзатып жіберейін,

— деді Сәбит Әбдіхалықов.

Видеоны көрген желі қолданушылары актерді сынап тастады.

"Бұрынғы әйеліне келіп мынандай тілек айтып тұрғаны бір түрлі екен". "Бірінің байына бірі тиіп жүре береді. Ұялмайды". "Санта-Барбара",

— деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, биыл Сәбит Әбдіхалықовтың жетінші баласы дүниеге келді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров