Қызылорда облысы

Қызылордада шенеуніктер 1 литр сүтті 14,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Pixabay

Мемлекеттің миллиондарын оңды-солды шашпақ болғандардың әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері анықтапты.

Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданының білім бөлімі басшылары небәрі 1 литр сүтке 14 млн 577 мың теңге жұмсауды жоспарлаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Шенеуніктер осыншама қыруар қаражатқа қандай жануардың сүтін алғылары келгені белгісіз. Алайда бюджеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу жоспарларына мониторинг жүргізген құзырлы агенттік сүттің бағаланған сомасын түсірген. Осыдан соң білім бөлімі алмақшы болған табиғи сүттің 1 литрін 223 теңге қылып қысқартқан.

Сондай-ақ Қармақшы ауданындағы № 275 мектеп басшылары да мемлекеттің қаражатын әбден шығындамақ болғаны анықталған. Мәселен басшылар оқушыларға арналған небәрі 125 қыстық күртешені 209 млн теңгеге сатып алғылары келген екен. Яғни қыстық киімнің біреуін 1 670 143 теңгеге бағалаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бұл соманы да қысқартып, бір күртенің бағасын 16 700 теңгеге түсірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров