Психология

Психологтар еркектердің не үшін "подкаблук" болатынын айтты

Экспресс К

Pxhere

Халық арасында "табан астындағы" ерлер туралы көбіне келемеждеп, ал кейде тіпті қорлап айтады. Дегенмен психология тұрғысынан сол "подкаблучник" аталып кеткендер кім және неге оларды әйелдің табанының астында болады?

Бұл ұғым мен құбылыстың анықтамасын қарайтын болсақ, онда "әйелге толық бағынған адам" деп түсіндіріледі. Осы орайда Экспресс К психологқа жүгініп, мән-жайды анықтауға тырысты.

Бұл тақырыпқа, негізінен, ер адамдар күледі. Өйткені олар екі адамның салауатты қарым-қатынасқа деген ұмтылысын осылай күлкіге айналдырады,

— дейді психолог Анжела Абдрашитова.

instagram.com/psiholog.abdrashitovainstagram.com/psiholog.abdrashitova
instagram.com/psiholog.abdrashitova

Психологтардың айтуынша, дүниежүзіндегі еркектердің бір бөлігі әлсіз, өз ойы жоқ, бос адамның образын ойлап тапқан. Өздері ойлап тауып, өздері күледі. Шындығында, бәрі керісінше.

Өз әйелін ести білетін, оған қамқор болып, екі арадағы қарым-қатынасты үйлестіруге ұмтылатын адамды жұмсақ әрі әлсіз деп айту оңай. Негізі, отбасыдағы бір адамның ғана емес, екеуінің де бақыты үшін барын салған ер адам — нағыз еркек,

— дейді психолог.

Демек "подкаблучник" деген құбылысты өзіне сенімді емес, өз күшін қасындағы адамына көрсеткісі келетін, сондай-ақ дұрыс қарым-қатынаста болғысы келмейтін немесе қаламайтын адамдар ойлап тапқан.

Ондай адамдарға өзін мықты әрі күшті көрінгісі келетіндер күліп, қорлайды. Олар тирандар, деспоттар және қорлаушылар. Олар өз әйелін бақытты ете алмайды немесе білмейді. Олардың әйелдері, әдетте, таяқ жей беретін, үйден шықпайтын жабық әйелдер,

— деп түсіндіреді Анжела.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров