COVID-19

Қазақстан карантин талаптарын тағы да жеңілдетті

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия карантин талаптарын тағы да жеңілдетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Енді үй-жайларда міндетті маска кию талабы алынып тасталды.

Сондай-ақ медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды кию міндетін өз күшінде қалды.

Адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда әлі де болса маска киюге кеңес береді.

Білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат етілді.

"Сондай-ақ комиссия шешімімен "Pfizer" препаратымен вакциналауға жататын санаттар қатары кеңейтілмек: бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар; түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар; шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар; COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар", — дейді комиссия өкілдері.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров